10 қазан — Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні
10 қазан — Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні . Бұл күн дүниежүзілік психикалық денсаулық федерациясы бастамасымен 1992 жылдан бастап атап өтіліп келеді. Осы күнге орай «Шетпе гимназиясы» КММ- де психологиялық қызметтің іс -шаралар жоспарына сәйкес 6-11-сынып оқушыларына «Психикалық денсаулық туралы сөйлесейік» тақырыбында дәріс берілді. Дәріс барысында оқушыларға «психика» терминінің анықтамасы өмірлік мысалдармен түсіндіріліп, өміріміздегі таным процестерінің (ойлау, есте сақтау, сөйлеу, зейін, қабылдау) атқаратын рөлі туралы тоқталып, таным процестерін дамыту үшін әлемдік деңгейдегі психологиялық bestseller кітаптарды оқу ұсынылды. Бұл кітаптардың барлығы қазақ тілінде және кітапхананың кітаптар қорында бірнеше дәнеден келгендігі ұсынылды.
Маңғыстау Аудандық Білім Бөлімі
Маңғыстау облысының білім басқармасы
Жансая Есбергенова