Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл
Апталықтың екінші күні қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, композитор, аудармашы Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қалбаева Сәния 10-сыныпта «Шәкәрім мұрасы — ұлт қазынасы» атты дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: ақын өмірін білім алушыларға оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу, жас буынның танымдық деңгейін дамыту. Шарада Ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырып, өркениетіміз бен ұлттық санамыздың ілгерлеуіне ұшан-теңіз үлес қосқан ірі ақын, ғұлама ойшыл туралы деректер беріліп, шығармашылығы таныстырылды. Бейнекөріністер мен әндері айтылып, қатысушылар мол әсер алды.Зерттеуші-педагог Сәнияның ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстел жас мамандарға практикалық бағыт берді.