Aғылшын тілі пәні мұғалімі Куанова Перизат «Water, Water, Everywhere» деген тақырыпта ашық сабақ
Зияткер бірлестігінің ұйымдастырумен «Мұғалім-мектеп айнасы» атты апталықта 11.10 күні 10-сыныпқа ағылшын тілі пәні мұғалімі Куанова Перизат «Water, Water, Everywhere» деген тақырыпта ашық сабақ өткізді. Сабақта балалар табиғат апаттары мен адам қолымен жасалатын апатты жағдайларды ажыратып, сөйлесім жасай алды. Сонымен қатар, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдылары қамтылып, балалар жеке, жұптық жұмыстар жасап, өзін-өзі бағалау жүрді. Сабақта география пәнімен байланыс жасалды. Оқушылар белсене қатысып, сабақ мақсатына жетті