Lesson Study зерттеу сабағын химия пәні мұғалімі Таңатарқызы Айғаным жүргізді
«Шетпе гимназиясы» КММ-де Зияткер кафедрасы ұйымдастыруымен 09.10-13.10.2023ж аралығында «Мұғалім –мектеп айнасы» атты апталық өтуде. Апталықтың мақсаты: жас мамандарды ұстаздық шеберлікке тәрбиелеу, қазіргі заман талаптарына сай сабаққа қойылатын талаптарды үйрету. Өткізілетін шаралар қатарында шеберлік сағаттары, коучингтер, ашық сабақтар мен тренинг, таныстырылымдар бар. Тәжірибелі ұстаздар өткізген шараларға жас мамандар қатысып, сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдерді, заман талаптарына сай жаңаша оқыту сабақтарына қойылатын талаптарды үйренеді. Апталық аясында білімді жетілдіруге бағытталған педагогикалық тәсіл-Lesson Study зерттеу сабағын химия пәні мұғалімі Таңатарқызы Айғаным жүргізді. Сабақ 10-сыныпта «Металдық байланыс» тақырыбында зерттеу тобы және жас мамандардың қатысуымен өтті. Сабақта АКТ ресурстары тиімді қолданылып, жедел тест алынды. Балалар белсенді қатысты.