«Жарқын болашақ — шексіз мүмкіндіктер»

28.02.2024ж күні «Шетпе гимназиясы» КММ мен «Шетпе педагогикалық-психологиялық түзету кабинеті» КММ-нің бірлескен «Жарқын болашақ — шексіз мүмкіндіктер» атты инклюзив шығармашылық дамыту кеші өтті. Кешіміздің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім алуы, дамуы, яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне, жасына қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасап, білім беру. Концертке «Аманат» партиясының төрағасы Барахатов Шапағат, ардагер ұстаз Сағымбаева Тоймекен, Маңғыстау аудандық оқу-әдістемелік орталығы директоры м.а Байтұрғанова Жұлдыз және мектеп, бөбекжай қызметкерлері мен оқушылары қатысты. Балаларымыздың болашағы жарқын, мемлекетімізді көркейтетін дені сау, мықты, білімді балалар болып өсе берсін !

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *