«ПРОКУРОР САҒАТЫ-ЕСІРТКІ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМ»

«ПРОКУРОР САҒАТЫ-ЕСІРТКІ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМ»
17.10.2023 ж. күні «Шетпе гимназиясы» КММ-де «Прокурор сағаты» өткізілді. Шараға Маңғыстау ауданы прокуратурасының прокуроры Г. Берішбаева, жасөспірімдер бойынша инспектор, полиция капитаны Г. Абдуалиевна, аудандық білім бөлімі әдіскері А. Базарбай және мектеп әкімшілігі мен оқушылар қатысты.
Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында нашақорлық, синтетикалық есірткі түрлері психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудың алдын алу, темекінің зияндылығы туралы ақпараттар алмасып, салауатты өмір салтын ұстану және насихаттау, бейнероликтер көрсету, жадынамалар тарату болып табылады.
Шара барысында Маңғыстау ауданы прокуратурасының прокуроры Г. Берішбаева оқушыларға жасөпiрiмдер арасында психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудың зияны, оның салдары мен тұтынудың өлімге әкелетіні, нашақорлықтың алдын-алу шаралары туралы айтып өтті. Бұдан бөлек жасөспірімдер бойынша инспектор Г. Абдуалиевна электронды темекіні тұтынудың зияны, денсаулыққа әсер етіп, соңы нашақорлыққа ұласып кетуі мүмкін екенін жеткізді.
Шара барысында оқушыларға нашақорлық пен есірткінің алдын алу және қауіп қатері туралы бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды.
Маңғыстау Аудандық Білім Бөлімі
Маңғыстау облысының білім басқармасы
Маңғыстау Облысының Прокуратурасы

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *