АТА-АНАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

АТА-АНАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
🏘 Жаңа оқу жылынан бастап , мектебімізде “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” құрылды.
✅️ Ата-аналарды педагогикалық қолдаудың міндеттері:
🔷балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;
🔷балаларды тәрбиелеу мен дамытуда орта білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;
🔷балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.
✅️ Мектеп – ата-ана қарым — қатынастарының жаңа түрлерін жоспарлай отырып, ата-ананы қолдау бағдарламасы жасақталған.
✍️🏻 ұсынылатын бағдарламаға сәйкес оқу жылына арналған сабақ кестесін құрылады.
✅ ата-аналарға арналған педагогикалық қолдауды «Ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім берудің ғылыми-әдістемелік негіздері» біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы бойынша оқудан өткен сынып жетекшілері, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер, қосымша білім педагогтері жүзеге асырады;
📌 Сабақтардың (басқа да іс-шаралардың) мазмұны орта білім ұйымдарында «Біртұтас тәрбие бағдарламасына» және балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес олардың әл-ауқатты контексіндегі ұлттық құндылықтарға негізделеді.
✅️ Педагогикалық қолдау:
🔷Ата-аналарға бағыт беру, кездесулер, сабақтар бағдарламасының мазмұнымен таныстыру алдын-ала жүргізіледі.
🔷Педагогикалық қолдау бағдарламасы жылына сегіз сабақты қамтиды.
🔷Сабақтар әртүрлі әдіс-тәсілдерді (семинар-практикумдер, тренингтер, іскерлік ойындар, пікірталастар, талқылаулар және т.б.), оның ішінде цифрлық ресурстарды қолдана отырып, онлайн және офлайн режимде өткізілуі мүмкін.
🔷Ата-аналарды педагогикалық қолдау үшін қосымша басқа да іс-шаралар ұсынылады:
⚜️ «Даналық мектебі» клубы, ата-аналар оқулары, конференциялар, ашық есік күндері, ата-аналар апталығы, ата-аналар мен балалардың қатысуымен мәдени іс-шаралар, мысалы, концерттер, театр қойылымдары, марафондар, жәрмеңкелер, көрмелер, жорықтар, экскурсиялар және басқа да іс-шаралар мен акциялар.
📌 Ата-аналарды қолдау және өзара іс-қимыл жасау үшін Орталық цифрлық платформасы пайдалану ұсынылады, онда бөлімдер бойынша тақырыптық ақпарат: курс бағдарламалары, бейне дәрістер, бейне ұсынымдар, бейне жағдайлар, сұхбаттар, тақырыптық вебинарлар, ресурстардың электрондық каталогы, психологтың кеңестері, тестілер, сауалнамалар, жадынамалар, нұсқаулықтар, чек-парақтар, постерлер және басқалар қамтылады.
✅️ достар, алдағы уақытта жұмыс барысынан сілтемелермен бөлісіп отыратын боламыз

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *