“Кім боламын?” тақырыбында тренинг
6.11.2023 ж. күні “Шетпе гимназиясы” КММ-де кәсіби бағдар берудің іс-шаралар жоспарына сәйкес 2-сынып оқушыларына “Кім боламын?” тақырыбында тренинг өтті. Тренингте оқушыларға мамандық түрлері танысытырылып, сол мамандықтардың ерекшеліктері түсіндірілді. Оқушылардың қандай мамандыққа қызығушылығын білу мақсатында “Болашақта кім боламын?” тапсырмасы беріліп нәтижесі алынды. Сонымен қатар мамандық таңдаудың үлкен жауапкершілікті талап ететін іс екені, таңдалған мамандықтың болашақта маңыздылығы айтылды.