9,10,11-сынып оқушыларына нашақорлық туралы түсінік

16.05.2024 ж. күні «Шетпе гимназиясы» КММ-де Маңғыстау ауданының прокуроры С.Қ.Жұбатыров., Маңғыстау ауданы ПБ ЖПҚб полиция майоры Ғ.Айжанова 9,10,11-сынып оқушыларына нашақорлық туралы түсінік жұмыстарын жүргізді. Шара барысында Маңғыстау ауданының прокуроры С.Қ.Жұбатыров оқушыларға жасөпiрiмдер арасында психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудың зияны, оның салдары мен тұтынудың өлімге әкелетіні, нашақорлықтың алдын-алу шаралары туралы айтып өтті. Қазіргі таңда электронды темекіні пайдаланатын оқушылардың көп екенін айта келіп, электронды темекіні тұтынудың зияны, денсаулыққа әсер етіп, соңы нашақорлыққа ұласып кетуі мүмкін екенін жеткізді. Бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар сұрақтарына жауап алды.

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *