Мектебім, саған мың алғыс!
Мектебім, саған мың алғыс!
25.05.2024 ж. күні «Шетпе гимназиясы» КММ-де «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында соңғы қоңырау шарасы болып өтті. Шараға 11-сынып оқушылары мен ата-аналары, мектеп ұстаздары мен ардагер ұстаздар қатысты. Биыл мектебімізден 17 түлек бітіргелі отыр. Алғаш сөз алған мектеп басшысы Гүларша апай оқу жылының қорытындысмен таныстырып, түлектерге ақ жол тіледі, облыстық, республикалық байқаулардан жеңіске жеткен оқушыларды мектеп әкімшілігі атынан марапаттады. Түлектер ұстаздарға арнап өлең оқып, ән шырқап, ата-анаға ыстық лебіздерін білдірді. Сонымен қатар шараға бітіргеніне 10 жыл болған 2014 жылғы түлектер қатысып, мектебі мен ұстаздарына алғыс білдірді.