13.08.2024 ж. күні «Шетпе гимназиясы» КММ-де ата-аналар жиналысы өтті.
13.08.2024 ж. күні «Шетпе гимназиясы» КММ-де ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Гүларша апай мектеп жарғысы, мектептің ішкі тәртібі және аудан көлемінде құқықбұзушылықтың белең алып тұрғанын, телефонның зияны туралы айтып өтті. Келесі мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С. Аманқосова Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы негізінде мектепішілік мектеп формасы туралы бұйрықты, мектеп формасына қойылатын талаптарды таныстырды. Ата-аналар сұрақтар қойып, жауабын алды.