2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ МЕКТЕП ФОРМАСЫ ТУРАЛЫ АТА — АНАЛАР НАЗАРЫНА
2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ МЕКТЕП ФОРМАСЫ ТУРАЛЫ
АТА — АНАЛАР НАЗАРЫНА
Құрметті ата-аналар!
Жаңа 2023-2024 оқу жылына орай мектеп формасы талаптарын назарларыңызға ұсынамыз:
1. Мектеп формасының түсі: қара көк (темно-синий)
2. Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, ақ жейде. Ұлдарға арналған шалбарлар кең тігілген және ұзындығы тобықты жауып тұруы керек. Аяқ киім классикалық үлгіде болуы міндетті.
3. Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, ақ жейде, юбка (ұзындығы тізеден төмен болуы қажет). Аяқ киім: яғни классикалық үлгідегі туфли (өкшесінің ұзындығы 2-3 см аспауы тиіс).
4. Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, футболка), спорттық аяқ киімнен (кроссовка, кеды) тұрады.
5. Әрбір ата-ана өндірушіні таңдауда тәуелсіз және мектеп формасын кез-келген нарықта, дүкенде немесе жеткізушілерден сатып алуға құқылы.
6. Мектеп формасына түрлі конфессияға жататын діни элементтерді енгізуге жол берілмейді!
Білім алушылар міндетті:
1. Күнделікті мектеп формасында келу.
2. Форманы таза ұстау, оған ұқыпты қарау.
3. Мектепте басқа да білім алушылардың формасына ұқыпты қарау.
4. Қыздар шаштарын буып немесе бұрымға өріп, бантик тағу, ер балалар шашты ұқыпты алғызып қою, шаш түсі табиғи болу керек.