«Мұғалімнің кәсіби дамуы-білім беру жүйесін жаңартудың негізі» тақырыбында семинар

2023-2024 оқу жылындағы жетекші мектеп «Шетпе гимназиясы»КММ-нің іс-шаралар жоспарына сәйкес, 21.11.2023ж. күні «Мұғалімнің кәсіби дамуы-білім беру жүйесін жаңартудың негізі» тақырыбында семинар өткізілді. Мақсаты серіктес мектептермен ынтымақтастық орта құру арқылы жаңартылған білім мазмұнын іске асыруға бағытталған әдістемелік жүйені дамыту. Семинарға серіктес мектептер «Б.Жұмалиев атындағы ЖББМ»КММ және «Өтес ЖББМ»КММ мұғалімдері қатысты. Семинар барысында педагог-зерттеуші Бекболатова Жанира 11-сыныпқа орыс тілінен «Военная тема в творчестве О.Сулейменова. Стихотворение «Одна война закончилась другой»», педагог-сарапшы Аманқосова Сандуғаш 6-сыныпқа қазақ әдебиетінен «Абай «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің идеясы», педагог-модератор Есболаев Райымбек 9-сыныпқа Қазақстан тарихынан «Тоқырау» жылдарындағы демографиялық процестер» тақырыптарында шебер сыныптар өткізді. Педагог-шебер Кокишева Гульзира және педагог-зерттеуші Дюсембаева Эльвира «Дарынды және талантты балаларды оқыту» атты коучинг жүргізді. Сарапшы психолог Есбергенова Жансая «Біз ұқсаспыз, біз біргеміз» тақырыбында қатысушы мұғалімдерге тренинг өткізді. Семинар соңында мұғалімдер кері байланыс жасады.

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *