«Айтыс — ұлттық өнер» тақырыбында сынып сағаттары
«Шетпе гимназиясы» КММ-де қазақ халқының асыл дәстүрі «Айтыс — ұлттық өнер» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, эмоционалды интеллекті қалыптастыру, айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнердің баға жетпес мұрасы ретінде дәріптеу. Сынып сағаты барысында айтыс, айтыскер ақындар туралы түсінік беріліп, айтыстан үзінді көрсетілді.


