11-сынып оқушыларын ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындау
13.09.2023 ж. күні «Шетпе гимназиясы» КММ-де психологиялық қызметтің іс -шаралар жоспарына сәйкес психолог жұмысының негізгі бағыттары бойынша да «Жаңғақ» тренингі және «Адамның мүмкіндіктері» тақырыбында тренинг сабақ өткізіліп, дәріс берілді. «Жаңғақ» тренингінің оқушыларға беретін мотивациясы өте көп. Дәріс барысында оқушылардың оптимистік көзқарастарын дамыту, адамның психосоматикалық, психофизиологиялық және ноологиялық (ақыл мен жан) қабаттары туралы түсіндіре отырып, оқушыларға өзінің жауапкершілігі, ерік-жігері секілді қасиеттерін дамыту ұсынылды.
Сонымен қатар 10-11-сынып оқушыларының тұлғалық өсуін дамытуда, кәсіптік бағдар беруде «Оқушыларға кәсіптік бағдар берудегі психологиялық қызмет» сауалнамасы алынып, қорытындысы шығарылды.






