Алғашқы қоңыру 2023-2024 оқу жылы

Мектебім – мейірім мекені
Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысады. «Шетпе гимназиясы» КММ-де алғашқы қоңырауға арналған «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын өтті. Жиынға аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Жаңбуршиев Нұрлыбек, аудандық білім бөлімінің бас маманы Сүйінқараева Ақбөбек, ардагер ұстаздар мен ата-аналар қатысты. Алғаш сөз алған мектеп басшысы Гүларша апай жаңа оқу жылындағы өзгерістермен таныстырып, сәттілік тіледі. Мұғалімдер Маңғыстау облысы білім басқармасының, Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің «Құрмет грамотасы» және «Алғысымен» марапатталды. Салтанатты шарадан соң білімге деген ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық, сондай-ақ жаңа оқу жылында рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамыту мақсатында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Жаңа оқу жылы құтты болсын! Еліміздің абыройын асқақтатып, мәртебесін көтерер ұрпақтарымыз көп болсын!

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *