Мектеп тарихы

Шетпе гимназиясы мемлекеттік мекемесі ыңғайластырылған ғимаратты пайдалану арқылы 2001-2002 оқу жылында облыс әкімі Л.Қиыновтың №201 қаулысымен ашылды. Білім және ғылым министрінің 2000 жыл,10-шілдедегі №708 бұйрығымен бекітілген ҚР гимназияларының қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ережесі басшылыққа алынды.
Ғимараттың жалпы алаңы — 1250,7
Пайдалы алаңы — 321,7
Сыйымдылығы — 120
Сынып кабинеті — 7
Оқу кабинеті — 3
«Шетпе гимназиясы» мемлекеттік мекемесі жалпыға міндетті стандартты басшылыққа ала отырып, 1-9 сыныптарда ата — аналардың сұранысына сай жаратылыстану — математика бағытындағы апталық оқу жүктемесінің сағаттарын жүргізеді.

Гимназия директоры қызметін 2002 — 2008 жыл аралығында Б.Мусабаев, 2009 жылдан бастап Г.Нұрмағамбетова атқарып келеді.

«Шетпе гимназиясы» мемлекеттік мекемесі әрбір оқу жылы 30- дың үстінде жоғары білімді, тәжірбиесі қалыптасқан мұғалімдермен бастап жыл бойы олардың санатын көтеруіне, арнайы курстардан өтуіне, шығармашылық қызметіне, жаңа технологияны меңгеріп қолдануына тұрақты назар аударып отырады және мұғалімдердің түрлі сайыстарға қатысты шығармашылық есеп беруін бақылауда ұстайды. 

Ашылған оқу жылынан бастап қазіргі күнге дейін 23 «Алтын белгі» иегері, 22 «Үздік аттестат» иегері, халықаралық ғылыми жоба байқауының жүлдегерлері, республикалық пәндік олимпиада жүлдегерлері, халықаралық спорт шеберлері шықты. 

Мектепте педагог кадрлардың сапасын арттыруға бағытталған перспективалық жоспар жасалған. Соған сәйкес, мұғалімдер жыл сайын білім  сатысы оқуына тұрақты жіберіліп отырады. Қазіргі жаһандану заманында әлемдік деңгейде өмір сүретін саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеп шығару міндетін жүзеге асыруда, оған жан — жақты жағдай ту.ызуда «Шетпе гимназиясы» мемлекеттік мекемесі тек жақсы жағынан көрініп, абыройлы биіктен табылып келеді. ҰБТ бойынша білім сапасы жылдан — жылға жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.2012- 2013 оқу жылы «Облыстық полиглот» сайысына М.Бисембаева І орын иеленді. Ғылыми жобалар сайысынан Ә.Есболова І орын, М.Бисембаева мен М.Баулы ІІ орын иеленіп, республикалық іріктеуге жолдама алды. «Русский медвежонок» конкурсына мектептен 3 оқушы, «Ақбота» интеллектуалдық марафонына 26 оқушы қатысты. Президенттік олимпиадаға 11 сыныптан Р.Есболаев химия пәні бойынша ІІІ орын иеленді. «Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық байқауының облыстық кезеңінде Д.Бекмурза ІІ орын, Ә.Есболова І орын иеленіп, Қызылорда қаласында өтетін халықаралық кезеңге жолдама алды. «Жарқын болашақ — 5» қазақ тілі олимпиадасына қатысқан команда арасында «Сөз шебері» номенациясы бойынша М.Бисембаева жүлделі ІІІ орыннан табылды. «Ақбота» интеллектуалды марафонына қатысқан оқушылардың үшеуі ІІ орын, сегізі ІІІ орын иеленді. А.Нұрлыбекова, Г.Оңайжанова, Р.Жумалиев,Т.Амангелдиева, Д.Әбжетов, А.Тұрақбаева, Ж.Мүталлапова республикалық «Физмат» конкурсына қатысты. Қ.Жоламанов халықаралық жастар арасындағы мәнерлеп оқу байқауына қатысып қайтты.
  2013-2014 оқу жылы Меруерт Баулы Халықаралық «Ғылым ашамыз» тақырыбында ғылыми жоба байқауына қатысты сертификат иесі болды. Қ.Жоламанов «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысының жүлдегері атанды. М.Бисембаева ағылшын тілі пәнінен республикалық олимпиаданың төртінші кезеңін қатысып жүлдегер болды. Бір топ оқушыларымыз Республикалық «Ақбота» марафонының жүлдегерлері болса, Ж.Ғалымжанова «Маңғыстаунама»сайысы эссе жазу конкурстарының, Б.Сейілхан, Ұ.Қазбекова, О.Көкішова «Зерде» облыстық ғылыми жобалар сайысының жеңімпаздары. Н.Аманқосов физика пәнінен, Н.Хамзина химия пәнінен облыстық пәндік олимпиада жүлдегерлері болды. Оқу жылы аяғында М.Бисембаева мен Н.Аманқосов мектепті «Алтын белгімен» бітірді. 

2014-2015 оқу жылында «Шетпе гимназиясы» мұғалімдерінен Г.Нұрмағамбетова, Д.Көшкінбаева, Қ.Нөкенова, Ж.Оразова, Ғ.Ордабаева сияқты мұғалімдер «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» атты «Ғылым» баспасына және «Маңғыстау мұғалімдері» энцоклопедиясына шықты. Осы оқу жылында А.Мұстафин «Үздік куәлік» иегері болса, Ж.Мүтталапова Халықаралық ғылыми жоба конкурсынан жүлделі орын алды және 11 оқушы грант иегері атанды.

2015-2016 оқу жылы мұғалімдердің облыстық пәндік олимпиадасында математика пәнінің мұғалімі Қ.Байназарова ІІІ орын, география пәнінің мұғалімі А.Елеуова IV орын, биология пәнінің мұғалімі Э.Дүйсенбаева І орын, облыстық «математика регата» командалық сайыста Қ.Байназарова ІІІ орын иеленді. 11 — сынып оқушысы Ә.Әдиева «Полиглот» тіл білгірлер сайысынан облыстық кезеңінен ІІІ орын, 11 -сынып оқушысы Е.Бердіғалиева «Еліме арнау» шығармалар байқауы», «Жас тілші» номинациясы бойынша облыстық кезеңінен ІІІ орын, 9 сынып оқушысы Б.Ерболұлы «Ізгілік өмір нәрі» жобасы, «Қайырымдылық» тақырыбына суреттен облыстық кезеңінен ІІІ орын, 10-сынып оқушысы Г.Бердібаева М.Әбдіхалықов еңбектерінің тәрбиелік мәні тақырыбындағы ғылыми жобалар байқауынан облыстық кезеңінен ІІ орын иеленді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада А.Нұрлыбекова математика пәні бойынша облыстан ІІІ орын, Д.Ғалым қазақ тілі, әдебиеті пәні бойынша ІІІ орын, А.Нұрлыбекова орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша облыстан ІІІ орын иеленді. 5-6 сынып қоғамдық — гуманитарлық бағыт, 7-8 сынып жаратылыстану — математикалық бағыт бойынша оқушылардың облыстық олимпиадасында Ә.Маратова орыс тілі пәні бойынша ІІІ орын, Иламан Айбану ағылшын пәні бойынша IV орын иеленді.

2016-2017 оқу жылы бастауыш сынып мұғалімі Г.Мұттахиқызы облыстық олимпиадада ІІ орын, физика пәнінің мұғалімі М.Ордабаев «Үздік көптілді педагог -2016» облыстық байқауынан ІІІ орын, Ә.Теңелбаев «Үздік әскери жетекші» облыстық сайыстан ІІІ орын, облыстық математикалық регата сайысынан «Пифагор» командасы ІІІ орын иеленді. Математика пәнінің мұғалімі Қ.Байназарова «Bilim Media GROUP» компаниясының ұйымдастырған «Жаңашыл мұғалім» конкурсының финалисі атанды. А.Абдуллаева «Әбіш оқулары» сайысынан облыстық кезеңінен ІІ орын, «Маңғыстаунама — 2016» облыстық танымдық байқауында Н.Төлепов ІІ орын, «Менің Отаным — Қазақстан» республикалық туристік өлкетану экспедициялық жасақтардың облыстық слетінен гимназия командасы ІІІ орын иеленді. Облыстық пәндік олимпиададан 2 оқушы ІІІ орын, 1 оқушы ІІ орын иеленді. Мектепте «Білім — болашаққа бастар жол» тақырыбында республикалық семинар өткізілді. ҰБТ қорытындысы бойынша облыстағы үздік 10 мектеп қатарына енді. Мектепті 1 оқушы «Алтын белгі», 4 оқушы «Үздік аттестатпен» бітірді, 9 оқушы грант иеленді.

2017-2018 оқу жылында республикалық, халықаралық білімдік сайыстарға қатысу нәтижесі : «Қазақстан таланттары» І Республикалық байқауына 6 оқушы қатысты «Бас жүлде» — 1, І орын-4, ІІ орын — 1. «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігі Халықаралық ұстаздар одағы ұйымдастырған «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы аясында «Мәңгі ел-Қазақстаным» атты республикалық оқушылар мен жасөспірімдер фестиваліне 8 оқушы қатысты «Бас жүлде»-1, І орын -7. «Қадыр оқулары» республикалық байқауы «Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, кейбір жырым бақташы боп жүр маңда» бағыты бойынша Садақбаева Інжу «Бас жүлде» иеленді. XVIII Сәтбаев оқулары атты халықаралық ғылыми конференциясына А.Ахмет, С.Ұзақбай ІІІ орын иеленді. Облыстық пәндік олимпиадада А.Нұрлыбекова орыс тілінен ІІІ орын, Ә.Сенғали математикадан ІІІ орын, Е.Жанжігітов географиядан ІІІ орынға ие болды. Осы оқу жылы 1 оқушы «Алтын белгі», 4 оқушы «Үздік аттестат» иеленіп, мектеп бітірген 20 түлектің 19 — ы грант иегері болды.

 

2018-2019 оқу жылы Қ.Сәтбаев атындағы олимпиаданың облыстық кезеңінде химиядан А.Иламан ІІІ орын, «Өзін — өзі тану» пәні олимпиадасында «Эссе» номинациясынан Р.Ғаббасова облыста ІІІ орын иеленді. «Елім менің ұлыстар мекені» тілдер мерекесіне орай өткізілген байқауда «Бесік жыры» номинациясынан І.Садақбаева облыста І орын алды. «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар І республикалық конкурсының облыстық кезеңінде «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясынан А.Иламан ІІ орын иеленді. Ақтау қаласының 55 жылдығына орай өткен «Жас шахматшылар» турнирінде С.Ильяс облыста ІІ, республикада І орын иеленді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жоба конкурсының облыстық кезеңінде А.Иламан ІІІ орын, «Зерде» республикалық ғылыми жоба конкурсының облыстық кезеңінде І.Садақбаева мен М.Имашова ІІІ орындарды алды. «Бейбітшілік әлемі» халықаралық Творчестволық Бірлестігі «Мәңгі Ел, Қазақстаным!» конкурсынан 6 оқушы «Бас жүлде», 6 оқушы І орын, 4 оқушы ІІ орын, 2 оқушы ІІІ орындарға ие болды. КҒА «Жастар және Ғылым» ғылыми жоба байқауында А.Айбек облыста ІІ, республикадан І орын, С.Сатыбалды, С.Ильяс облыста ІІ орын, Ғабидуллаұлы Саясат облыста ІІІ орындарды иеленді. «Шабыт жұлдызы» Үздіктер алаңы республикалық байқауда І.Садақбаева ІІІ алды. «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауында Ж.Жүсіпов облыста «Бас жүлде», республикадан ІІ орын иеленді. «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауында У.Мәліков облыста ІІІ орын алды. «РобоМаңғыстау-2019» облыстық конкурсынан М.Сейлханов, Н.Аманжанов ІІ орынға ие болды. Облыстық «Маңғыстаудың жас шебері» байқауында А.Қайыр ІІІ орын иеленді. Облыстық «Бастау» математикалық турнирінде А.Тұрарұлы ІІ орын алды. «IQаnat» олимпиадасының республикалық кезеңіне А.Иламан, Ж.Амангелдина жолдама алды. «КИО» республикалық олимпиадасында қазақ тілінен А.Абаева, Ұ.Қазбекова, У.Мәліков, Р.Ғаббасова І орын, І.Махмудова ІІ орын, А.Иламан ІІІ орындарды иеленді. «Эколидер» байқауында облыстан М.Кәдірбекова І орын, А.Ғаділбекқызы ІІ орын, Ә.Маратова ІІІ орындарға ие болды. Республикалық «Ұлы Дала Ұрпағы» өнер байқауынан 1 оқушы ІІІ орындарды иеленді. «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық бейнесабақ конкурсының облыстық кезеңінде Г.Нұрмағамбетова І орын, Г.Шоланова, З.Аманқосова, Б.Қанатбаев, М.Ордабаевтар ІІ орын, С.Аманқосова ІІІ орын иеленді. География пәнінің мұғалімі А.Елеуова «Bilim Media GROUP» компаниясының ұйымдастырған  «Жаңашыл мұғалім» конкурсының финалисі атанды. «КИО» республикалық математика пәні мұғалімдері арасындағы олимпиадада С.Ерболатова І орын иеленді. Мектеп соңғы бес жылдан бері «Мектептен мұғалімдікке» айдарымен мұғалім мамандығына байланысты түлектерге арналған кәсіби бағдарлама жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде мектебіміздің түлектері Ж.Мұратбеков, С.Ерболатова, С.Аманқосова, М.Ордабаев, А.Жұбановтар жоғары оқу орнынан соң өз мектебінде қызмет етуде. Болашақта мектебімізде мұғалім мамандығын таңдап отырған оқушыларға кәсіби бейіндік бағыттағы жұмыстарды жүргізу басты назарда ұсталып отырады. 

Соның нәтижесінде 22 «Алтын белгі» иегері, атап айтсақ:

1.   Байназарова Майгүл

2.   Кемелханова Ақмарал,

3.   Темірәлі Перизат,

4.   Ербөлек Нұртаң,

5.   Байназарова Назгүл,

6.   Боранбаева Нұрзада,

7.   Иманова Тазагүл,

8.   Мырзабай Айкерім,

9.   Тоғаева Арна,

10.   Құдайбергенова Хорлан,

11.   Ибраева Динара,

12.   Шоңаева Шұғыла,

13.   Мүдебаева Жанар,

14.   Шыныбаева Айзат,

15.   Сатыбалдиева Құндыз,

16.   Ешманова Асима,

17.   Қыдырбаева Гүлназ,

18.   Тынышбекова Құндыз,

19.   Аманқосов Нұрбол,

20.   Бисембаева Маржан,

21.   Оңайжанова Гүлдана,

22.   Әдиева Әсем.

23.   Жанжігітов Ержан

24.   Жаку Айнұр

  «Үздік  аттестат»  иегерлері:

1  Далмағамбетова Ақмаржан,

2  Керімбаева Іңкәр

3  Өткілбаева Набат

4  Сафиева Гүлфайрус

5 Түзелбаева Гүлшат

6  Әбеуов Жанайдар

7  Сарбаев Болат

8  Іздібаева Жайнар

9  Сармурзина Айдана

10   Сейлова Айна

11   Амангелдина Клара

12   Мұстафин Алқабек

13   Нұрлыбекова Арайлым

14   Сүгірова Нұрлыгүл

15   Ақнияз Сағынбек

16   Олжабаева Арайлым

17   Сатыбалдиева Гүлдана

18   Сисенбаев Айхан

19   Бердібаева Гұлнұр

20   Тоқсанбекова Әсемгул

21   Нұрлыбекқызы Ақжарқын

22   Жоламанов Қасымжомарт

      Халықаралық  ғылыми  жоба  байқауының  жүлдегерлері Шыныбаева Айзат-күміс медаль, Аманқосова Сандуғаш-алтын медаль, Баулы Меруерт пен Мүтәллапова Жұлдыз байқау жеңімпаздары. Республикалық  пәндік  олимпиада  жүлдегерлері Мұстафа Шоқай мен Шыныбаева Айзат, Әлем чемпиондары, Халықаралық  спорт  шеберлері Мамаев Рамазан мен Жұбатқанов Сұңғат, Маңғыстау облысы бойынша тұңғыш рет елбасымыздың «Болашақ» бағдарламасы бойынаш шет елде білім алып келген Тоғаева Арна сияқты түлектермен мақтана алады.

   Бұл, әрине, ұстаздардың тынымсыз еңбектерінің нәтижесі. Мектепте  32 мұғалім қызмет жасап келеді. Олардың ішінде: Жоғары санат – 11, І санат – 4, ІІ санат – 7. Педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, педагог-модератор мұғалімдермен жалғасын табуда. Айта кетер бір ерекшелік: қазіргі мұғалімдердің құрамында өз мектебінен  бітірген  бірнеше түлектер қызмет етуде.Жалпы, «Шетпе гимназиясы» жаңартылған білім мазмұнының бағдарламасын меңгеру үшін оқушылардың функционалдық сауаттылығын және кең спектрлі дағдыларын қалыптастыру, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді үш тілді оқыту, латын әліпбиіне көшудің тиімді жолдарын ұйымдастыруда біршама жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.